
Қазақстан қор биржасындағы саудада теңге долларға шаққанда айтарлықтай нығайды, деп хабарлайды Kursiv Media.
7 қазанда сағат 15:30-дағы KASE дерегі бойынша USDKZT_TOM бойынша орташа сараланған бағам 447,14 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда күніндегі 452,74 теңгемен салыстырғанда доллардың 5,60 теңгеге, яғни шамамен 1,24%-ға арзандағанын көрсетеді.
Осылайша, биржада теңге ресми бағаммен салыстырғанда да едәуір күшті деңгейде саудаланып жатыр.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында да доллар арзандап жатыр. 7 қазан күннің екінші жартысында айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын 446,5–447,5 теңгеден сатып алып, 448,2–449 теңгеден сатып жатыр.