
Шетелдік инвесторға тиесілі компания Қарағанды облысында мыс пен молибден іздейді, деп хабалайды Kursiv.Media.
Qazba порталының дерегіне сәйкес, «Георесурс Азия» серіктестігі 2027-2031 жылдары Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы 35 блокта геологиялық барлау жүргізеді.
Жоба Балқаш көлінен солтүстікке қарай 40 шақырым жердегі 81,3 шаршы шақырым аумақты қамтиды. Компания 2026 жылдың 21 ақпанында барлауға лицензия алған.
Зерттеудің басты мақсаты – өңірдің геологиялық құрылымын айқындап, мыс, молибден және полиметалл кен орындарын бағалау. Мамандар кенді аймақтарды картаға түсіріп, топырақ пен тау жыныстарынан сынама алады.
Егер мыс-молибден қоры расталса, кен орнын игеру тиімділігі туралы техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді.
Бес жылдық жоба аясында кешенді жұмыстар жоспарланған: 2028–2031 жылдар аралығында 29 ұңғыма бұрғыланып, жалпы тереңдігі 10 410 метрге жетеді. Бұл іске CDH-1600 маркалы үш бұрғылау қондырғысы жұмылдырылады. Ал 2027 жылдан бастап барлығы 15 165 текше метр тау жынысы қазылады.
Зерттеу қорытындысы бойынша кен орынна қанда бағалы металл қоры бар екенін анықталады.
«Георесурс Азия» ЖШС 2025 жылдың 16 сәуірінде құрылған. Кәсіпорынның жалғыз құрылтайшысы — гонконгтік Yaohua Group (Hong Kong) Co., Limited компаниясы.
Бұған дейін Павлодар облысында бұған дейін ешқандай өндірістік жұмыс жүргізілмеген «Достық» титан-цирконий кен орнын игерілетіні хабарланған.