
Apple компаниясы iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарына арналған кейбір бөлшектердің өндіріс көлемін азайтты, деп жазады Kursiv.Media.
Бұған жад чиптерінің қымбаттауы мен құрылғылар бағасының өсуіне байланысты тұтынушылар сұранысының төмендеуі себеп болған.
Nikkei Asia басылымының хабарлауынша, қыркүйек айының басынан бастап Apple жеткізілім көлеміне қатысты болжамдарын қайта қарауға кіріскен. Соның нәтижесінде қазан айына арналған компоненттерге тапсырыс бастапқы жоспармен салыстырғанда кемінде 15%-ға қысқарған.
Бұған дейін, маусым айында, компания iPad пен MacBook құрылғыларының бағасын көтерген болатын.
Apple бұл шешімді жасанды интеллект жүйелеріне арналған деректер орталықтары инфрақұрылымының кеңеюіне байланысты жад чиптері мен жинақтауыштардың қымбаттауымен түсіндірген. Компания бұған дейін шығынның тұтынушыларға әсерін барынша азайтуға тырысқанын мәлімдеген.
Тағы да оқыңыз: Қазақстандықтар iPhone үшін америкалықтарға қарағанда 1,5 есе көп төлейді