Қазақстан теміржол арқылы шетелге 25 млн тонна көмір экспорттады 

Жарияланды 12 Қазан 2026 09:49

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
көмір өндірісі шахтер
фото: shutterstock

2026 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанда теміржол көлігімен 77,8 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға артық, деп жазады Kursiv.Media.

Жалпы көлемнің 25 млн тоннасы экспортқа жөнелтілсе, 51 млн тоннадан астамы ел ішінде тасымалданды.

Жылыту маусымына дайындық аясында 2026 жылғы 1 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында республика бойынша 28,1 млн тонна көмір тасымалданды. Оның ішінде 25,8 млн тоннасы жылу электр орталықтарына, 2,3 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталды.

Қазіргі уақытта барлық ЖЭО-дағы көмір қоры белгіленген нормативтік деңгейде тұр. Ал биылғы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірге жоспарлы сұраныс 7,3 млн тоннаны құрайды. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 154 мың тоннаға аз. Сұраныстың төмендеуі елдегі газдандыру деңгейінің артуына байланысты.

Көмір тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Қазтеміртранс» АҚ-ның 18,5 мың вагоны жұмылдырылды. Компанияның жалпы жартылай вагон паркі 27 мың бірліктен тұрады. Жүктеме артқан кезеңдерде қосымша 3 мың вагонға дейін резерв қалыптастырылады.

Көлік министрлігінің мәліменіше, қазіргі таңда көмір тасымалы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жылжымалы құраммен қамтамасыз етуге қатысты шектеулер мен мәселелер жоқ.

Тағы да оқыңыз: Астанада көмір қайда сатылады: әкімдік бағасын жариялады

Сондай-ақ оқыңыз