Жергілікті бюджет жоспарын тоғыз өңір орындай алмады – Тәкиев

Жарияланды 13 Қазан 2026 15:40

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Атырау, Маңғыстау және павлодар облыстары жоспарды орындамаған/ kursiv.media архиві

Елде жергілікті бюджет кірістері 6,9 трлн теңгені құрап, жоспар 96,1%-ға орындалды. Тоғыз өңірде кіріс жоспары орындалмаған. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Министрдің айтуынша, жергілікті бюджет кірістері өткен жылмен салыстырғанда 125,6 млрд теңгеге артық түскен. Алайда кірістер жоспары толық орындалмай, бюджетке 278,3 млрд теңге түспей қалған.

«Жоспардан ең көп ауытқу Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Осыған байланысты әрбір өңірде меншікті кіріс әлеуетін пайдаланған жөн. Әкімдіктер мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесе отырып, жыл соңына дейін қосымша түсімдерді қамтамасыз ететін нақты шараларды қарастыруы қажет», – дейді Мәди Тәкиев.

Министрдің айтуынша, «Жалпы сипаттағы трансферттер туралы» заңға сәйкес келесі жылы өңірлерге 1,2 трлн теңге көлемінде трансферттер бағытталады.

Тағы да оқыңыз: Жер өтемақысы неліктен жергілікті бюджетке түспейді – Мәди Тәкиев жауап берді

Сондай-ақ оқыңыз