Елдегі күш құрылымдарына 3,3 трлн теңге бөлінеді

Жарияланды 14 Қазан 2026 17:25

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Тәкиев күш құрылымдарына қанша ақша бөлінетінін айтты/ Серікжан Қобланбаев

Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында күштік және құқық қорғау органдарына 3,3 трлн теңге қарастырылған. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев құрылтайда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Министрдің сөзінше, бұл қаражат қорғаныс министрлігіне ғана емес, ішкі істер министрлігіне, ұлттық ұланға және арнаулы мемлекеттік органдарға да бағытталады.

Тәкиев атағандай, қаражаттың негізгі бөлігі қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалады. Сонымен қатар бұл сомаға мемлекеттік қорғаныс тапсырысына арналған шығындар да кіреді.

«Қорғаныс министрлігінде аудит жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша есеп кейін дайын болады», – деді Тәкиев.

Министр бюджеттің бірінші оқылымда мақұлданған жобасында аталған шығындар қарастырылғанын атап өтті.

Маңғыстаудағы 14 сарбаздың өлімінен кейін қорғаныс министрлігінде қаражатты тиімді пайдалану бойынша аудит басталды. 50 әскери бөлімдегі жағдайды тексеруге қаржы министрлігінің 61 аудиторы тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз