KASE индексінің құрамы тағы да өзгеріссіз қалатын болды

Жарияланды 14 Қазан 2026 16:49

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
KASE индексі / фото: Kursiv Media

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 4 қарашадан бастап индексті есептеу үшін қолданылатын акциялардың жаңа өкілдік тізімін бекітті. Алайда индекс құрамындағы компаниялар өзгермейді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

KASE индексінде бұрынғыдай 10 компанияның акциясы қалады:

  • Air Astana (AIRA);
  • Банк ЦентрКредит (CCBN);
  • Halyk Bank (HSBK);
  • Kcell (KCEL);
  • KEGOC (KEGC);
  • ҚазМұнайГаз (KMGZ);
  • Kaspi.kz (KSPI);
  • Қазатомөнеркәсіп (KZAP);
  • Қазақтелеком (KZTK);
  • ҚазТрансОйл (KZTO).

13 қазандағы есеп бойынша индекстегі ең жоғары үлес Банк ЦентрКредитке тиесілі – 13,7%. Одан кейін Kaspi.kz – 13,5%, ҚазМұнайГаз – 13,4%, Kcell – 12,8%, Halyk Bank – 12,7% және Қазатомөнеркәсіп – 12%.

Air Astana-ның индекстегі үлесі 10,6%, KEGOC – 4,5%, ҚазТрансОйл – 3,8%, Қазақтелеком – 3,2%.

Биржа 2 қарашада компаниялардың индекстегі салмағын қайта есептейді. Бұл кезде 30 қазандағы акция бағалары мен 1 қазандағы еркін айналымдағы акциялар саны ескеріледі.

Жаңартылған параметрлер 4 қарашадан бастап қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыз