Оңалту орталықтарын салуға неге қаржы бөлінбеді – Ертаев жауап берді  

Жарияланды 14 Қазан 2026 12:23

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Мемлекетке қайтарылған 7,8 млрд теңгеге Ақтөбеде ерекше балаларға арналған балабақша салынады
Жаңа құжаттар кейін республикалық комиссияға ұсынылады/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Құрылтай депутаты Ләззат Жылқыбаева еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтан өңірлерде ерекше балаларға арналған оңалту орталықтарын салу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Сондай-ақ депутат 2027 жылға арналған бюджет жобасында мұндай орталықтардың құрылысына қаржы қарастырмаудың себебін және жобалау-сметалық құжаттаманың дайындық барысын нақтылауды сұрады.

Министр Асқарбек Ертаевтың айтуынша, 2023–2026 жылдар аралығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған алты оңалту орталығы салынған.

«Олар Тараз, Семей, Кентау, Орал, Атырау және Астана қалаларында орналасқан. Қазір бұл орталықтарда 961 маман жұмыс істейді. Соңғы үш жылда оларда 8 800 азамат оңалту қызметінен өткен. Тағы алты өңірде орталық салу жұмыстары жалғасып жатыр. Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау және Талдықорған қалаларында құрылыс жүргізілуде. Ақтөбе мен Шымкенттегі орталықтарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», – деді министр.

Ал Қонаев пен Павлодар қалаларында жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қонаевтағы жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, ал Павлодардағы құжаттама дайындалып жатыр.

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, бұл жобаларды қаржыландыру мәселесі келесі жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралады.

Қалған өңірлерде де жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дайын құжаттар министрлікке ұсынылған соң, оларды республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: Астанада 1500 ерекше бала бірінші сыныпқа барды

Сондай-ақ оқыңыз