«Арманым еді»: Баян Алагөзова Дархан Сатыбалдыға ризашылық білдірді

Жарияланды 19 Қазан 2026 12:30

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Баян Алагөзова Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға арманын орындағаны үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Продюсердің пікірінше, жаңа әкім келгелі бері қала құлпырып, көркейе түскен. Ескі үйлердің қасбеттері көз тартатындай сұлулана түскен.

«Құрметті алматылықтар, қаламыздың келбеті қалай өзгеріп жатқанын байқадыңыздар ма? Қараңыздаршы, қандай тамаша. Барлық ескі үйлер жаңа үйлерге айналып кетті. Бұл менің арманым еді. Мен бірнеше мәрте әкімшілікке үйлердің қасбетін реконструкция жасауға ақша жұмсауға кеңес берген едім. Бәрі жөнделіп жатыр. Қатты қуаныштымын. Орталықта жүру көз қуантады. Тек орталықта ғана емес», – деді Баян Алагөзова.

Продюссердің пікірінше, қала гүлденіп жатыр. Ол жаңа әкімнің бастамаларын ұнатқан.

«Дархан Сатыбалды келгелі бері біздің қаламыз қатты өзгере бастады. Алдымен жарық бола бастады. Жарықтандыру өте қатты өзгерді. Ең қорқынышты нүкте – жаңа алаңда еді. Бес қабатты үй алаңның сыйқын кетіріп тұрды. Көрдіңіздер ме, жөндеу жұмыстары басталды. Қарсы тұрған үйді де қолға алады. Сонда жаңа алаң жаңа бояумен жарқырайтын болады», – деді Баян Алагөзова.

Айта кететін жайт, Қазақстанда ең ықпалды 25 әйел анықталған еді. Олардың қатарында Баян Алагөзова да бар.

Сондай-ақ оқыңыз