Шетелден тауарды қалай баж салығынсыз әкелуге болады 

Жарияланды 22 Қазан 2026 14:18

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Канада мен Мексика Трамп шешіміне жауап ретінде АҚШ тауарларына баж салығын енгізе бастады
Фото: Shutterstock

Қазақстанда шетелден тауар әкелу кезінде оның жеке пайдалануға немесе кәсіпкерлікке арналғаны ескеріледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ЕАЭО елдерінен тауар әкелу

Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстаннан әкелінетін тауарлар төмендегі жағдайлардың бірі орын алса, кәсіпкерлік мақсатта әкелінген деп танылуы мүмкін:

  • күнтізбелік жыл ішінде тауарлардың жалпы құны 360 АЕК-тен, яғни 2026 жылы 1 млн 557 мың теңгеден асса;
  • бір жылда өткізуге болатын тауар санынан асып кетсе.

Мысалы, бір адам жылына екіден артық ұялы телефон, екіден артық планшет немесе компьютер, бес данадан артық зергерлік бұйым әкелсе, бұл кәсіпкерлік мақсаттың белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Велосипед, балалар арбасы және көлік құралдарына да жеке шектеулер белгіленген. Бұл талаптар пайдаланылған, жеке қажеттілікке арналған және тозу белгілері бар заттарға қолданылмауы мүмкін

ЕАЭО-дан тыс елдерден қанша тауарды бажсыз әкелуге болады

Жеке пайдалануға арналған тауарларға мынадай шектер қолданылады:

  • Әуе көлігімен: құны 10 000 еуроға дейін, салмағы 50 келіден аспауы керек.
  • Жерүсті көлігімен немесе жаяу: құны 500 еуроға дейін, салмағы 25 келіден аспауы керек.

Халықаралық пошта немесе тасымалдаушы арқылы құны 200 еуроға дейін, салмағы 31 келіден аспауы керек.

Белгіленген шектерден асқан жағдайда кедендік төлемдер алынуы мүмкін. Ал тауар кәсіпкерлік мақсатта әкелінсе, оны ресімдеудің жалпы тәртібі қолданылады.

Мұндай жағдайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, қажетті құжаттарды рәсімдеу және тиісті салықтар мен кедендік төлемдерді төлеу талап етілуі мүмкін.

Мемлекеттік кірістер департаменті тауарлардың мақсатын анықтағанда олардың құнын, санын, сипатын және әкелу жиілігін ескеретінін еске салады.

Тағы да оқыңыз: Мобильді аударымдар: халыққа 26,9 мың салық хабарламасы жіберілген

Сондай-ақ оқыңыз