Нұрлан имам әйелдерге бақыт формуласын көрсетті

Жарияланды 23 Қазан 2026 11:59

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/nurlanimam.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Нұрлан Имам есімімен танылған дін қызметкері Нұрлан Байжігітұлы әйелдерге бақыттың формуласы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Имамның пікірінше, күйеуінің әрекетіне қарап, бақытты әйелдің сипатын білуге болады.

«Мен сіздерге бір формула айтып берейінші. Жаттап алыңыздар. Еркек жұмыстан үйге асығатын болса, үйінен шыққысы келмесе, телефонын қойған кезде, қорықпаса, телефонына жабысып, дәретханаға кірмесе, пароль қоймаса, көріп қояды деп әйелінен жасырмаса, бұл – ең бақытты әйел», – деді Нұрлан Имам.

Көп әйелдер Нұрлан Байжігітұлының бұл сөзінен кейін өзінің бақытты екенін білгенін айтып, қуанғанын жасырмаған. Шүкіршілік айтып, ризашылық білдіріп жатыр.

Мұның алдында Нұрлан Имам некені жаңарту туралы мұсылмандардың сұрағына жауап берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз