«Ұрықтарыңызды айдалаға шаша бермеңіздер» – Бақыт Тұрман ер-азаматтарға кеңес берді

Жарияланды 23 Қазан 2026 08:58

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: youtube.com/@bakytturmanova8552, бильд-редактор: Милош Муратовский

Әнші Бақыт Тұрман ер-азаматтарға ұрықтарын айдалаға шаша бермеуге кеңес берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оның пікірінші, ер азамат бұл үшін де жауапкершілік көтереді.

«Жігіттер, сіздерге айтарым, өздеріңізді ар-намысы бар, күш-жігері бар күшті ер-азамат деп санайтын болсаңыздар, өз ата-бабаларыңыздың жолын жалғаушы ретінде, жанұяңыздың жалғастырушысы ретінде сізге берілген ұрықты айдалаға шаша бермеңіздер. Өзіңізден шыққан ұрыққа жауапкер екеніңізді ешқашан ұмытпаңыздар», – деді әнші.

Бақыт Тұрманның айтуынша, ұрығына ие бола алмаса, оны дәретханаға жіберу керек. Сонымен қатар әйелдерге де ұрпақ өрбітуге қатысты қатаң ескерту жасады.

«Ал қыздарға айтарым бұдан да қатты. Бір апамыз балалардың салақтықтан туылып жатқанын айтқан еді. Салақтықтан бала туып қалмаңыздар. «Сіздің туып жатқан балаңыз ұрпақты жалғастыруға керек пе» деп кімнен туғаныңызды, кімнің ұрпағын көбейтін жатқаныңызды өзіңізден сұраңыз», – деді әнші.  

Мұның алдында Бақыт Тұрман Қайрат Әділгерейді не үшін жар етіп таңдағаны туралы айтып берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз