
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Алматыдағы ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KursivMedia.
Ширек финалда Александр Бублик ресейлік теннисші Карен Хачановпен кездесті. Нәтижесінде матч қазақстандық спортшы жеңіске жетті — 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (7:5).
Жартылай финалда Бублик 2025 жылғы турнир чемпионы Даниил Медведевпен кездеседі.
Айта кетейік, Almaty Open турнирі 17-25 қазан аралығында «Алматы Аренада» өтеді. Жүлде қоры 1,07 млн долларды құрайтын ATP 250 санатындағы турнир Алматыда үшінші рет ұйымдастырылып отыр.