
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Ningbo Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды KursivMedia.
Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездесті.
Матч екі сетте аяқталып, Елена 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ойын жалпы 1 сағат 36 минутқа созылды.
Финалда Елена Рыбакина әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
Айта кетейік, Рыбакина Wimbledon-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінің чемпионы титулдарын жеңіп алған. 2026 жылы Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Содан кейін Нью-Йоркте өткен АҚШ ашық біріншілігінің (US Open-2026) финалында Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет US Open кубогын алды. 2026 жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.