«Сұлтан Сүлейман» телехикаясына түскен қазақ қызы

Жарияланды 27 Қазан 2026 09:43

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/inabat.khan, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақ қызы Инабат Хан түріктің танымал телехикаясы – «Ғажайып ғасыр» сериалына түскен, деп хабарлайды Kursiv.media.

Оның айтуынша, ол бірнеше түрік сериалына түсіп, танымал актрисаларға дублер болған. Қазақ қызы «Ғажайып ғасыр» телехикаясының үшінші сезоны – «Құрылыш. Орхан» атты сериалға түскен. Сол сериялда басты рөлдегі актрисаны алмастырған.

«Ең қызығы, мен кастингке барған емеспін. Өзімді ұсынған емеспін. Сериалды түсіріп жатқан кісілер өздері хабарласып, ұсыныс жасады», – дейді Инабат Хан.

Оның айтуынша, басты рөлдегі актрисаға дублер болатын адамды режиссерлар екі ай бойы іздеген. Бірақ таба алмаған. Сол жерде жұмыс істейтін танысының ойына қазақ қызы түскен.

«Сосын олар маған қоңырау шалып: «Сен қазақсың ғой? Демек, сен атқа міне аласың, шаба аласың ғой?» деп сұрады. «Иә, шаба аламын» деп жауап бердім. «Саған күшті ұсынысымыз бар. Офиске кел» деді. Офистеріне барып, келісіп, сөйлесіп, ертесіне бірден түсірілімді бастап кеттік», – деді Инабат Хан.

Оның айтуынша, дублер болса да, оны басқа актрисалардан бір елі кем көрген емес. Жеке жүргізуші берген.

Айте кететін жайт, «Ғажайып ғасыр» телехикаясында басты рөлдерді сомдаған Халит Ергенч пен Мерьем Озерли 15 жылдан кейін қайта көрермен алдына шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз