
Ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге көтеру және дәрігерлердің жалақысын арттыру үшін бюджет резервіне өзгертулер енгізу қажет. Ал қазір бюджет кодексі Құрылтайда қаралып жатыр. Бұл жайлы депутат Асхат Аймағамбетов жолдаудан кейін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.
«Менің ойымша, ең төменгі жалақы еңбек ақысына әсер етеді. Мемлекет басшысы бұл өзгерістер қанша адамды қамтитынын айтты. Мысалы, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бюджеттен жалақы алатын 300 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың жалақысын көтеру үшін бюджет жобасына тиісті өзгерістер енгізіліп, қосымша қаражат бөлінеді. Бұған қоса, біліктілігі мен еңбек өтілі белгілі бір талаптарға сай келетін шамамен 77 мың дәрігердің жалақысы өседі. Бүгін айтылғандай, өсім шамамен 40% болады. Бұл – айтарлықтай өзгеріс», – деді депутат.
Оның айтуынша, қазір бюджет жобасы Құрылтайда қаралып жатыр.
«Сондықтан тиісті түзетулерді жедел енгізіп, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы мен төлемдерді арттыруға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жобасында екі түрлі резерв қарастырылған. Біріншісі – үкімет резерві, екіншісі – президенттің бастамаларын іске асыруға арналған резерв. Яғни жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін бюджетте резерв қаражаты бар. Жалақы мен тиісті төлемдерді арттыруға қажетті түзетулерді осы резервтер есебінен енгізуге болады деп ойлаймын», – деді Аймағамбетов.
Жолдауда президент келесі жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 40 пайызға өсетінін айтты.