«Қатты өкінемін»: Мбаппе Қытай жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Жарияланды 28 Қазан 2026 10:33

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Килиан Мбаппе испытывает проблемы со связками колена
Килиан Мбаппе қытай жанкүйерлерінен кешірім сұрады/kursiv.media архиві

Мадридтік «Реал» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе бұған дейін айтқан сөзі үшін Қытай жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Kursiv.media.

«Сөзіме ренжігендердің барлығынан кешірім сұраймын. Менің ондай ниетім болған жоқ. Қытай халқына және оның тарихына зор құрметпен қараймын. Болған жағдайға қатты өкінемін», – деді футболшы.

Мбаппе агенттікке мәлімдемесінің француз, ағылшын және қытай тілдеріндегі нұсқаларын жолдаған. Бұған дейін Испанияның Ла Лига басшылығы да осы оқиғаға байланысты кешірім сұраған.

AFP агенттігі хабарлағандай, Қытайдың басты мемлекеттік телерадиокорпорациясы Мбаппенің сөзіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Ла Лига басшылығы, «Реал» клубы мен Килиан Мбаппенің өзі осы оқиғадан сабақ алып, шын жүректен кешірім сұрап, жіберілген қателіктерді қайталамайды деп үміттенеміз», – делінген хабарламада.

Осыған дейін Мбаппе желідегі орынсыз қалжыңы үшін үш қытай компаниясы онмен келісімшартты бұзған.

Сондай-ақ оқыңыз