Ердос Қанаев 10 жасар баласынан, артынша әкесінен айырылғанын айтты

Жарияланды 29 Қазан 2026 10:55

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/erdoskanaev, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев 10 жасар баласынан, артынша әкесінен айырылғанын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әншінің сөзіне қарағанда, екі бірдей қаза қабырғасын қайыстырып, ерте қартайтқан.

«Алдыңғы риллста: «Қартайып кетіпсіз», «Бұл да қартайыпты» деген сынды коменттер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау әкең о дүниелік болса, қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деп жазды Ердос Қанаев.

Оқырмандар әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл білдірді. «Басына түскен адамдар ғана түсінеді, Аллам сізге сабыр берсін» – деп тілектестік білдіріп жатыр.

Айта кететін жайт, кеше «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов үйленіп, той өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз