Экс-депутаттың әулетіне тиесілі сүт фермасы 7,5 млрд теңге арзан несиеге жаңғыртылды

Жарияланды 2 Қараша 2026 12:20

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
500-ге жуық ірі қара ал әкелінген / Фото: облыс әкімдігі

Мәжілістің бұрынғы депутаты Марал Итеғұловтың әулетіне тиесілі «Айс» сүт-тауар фермасы мемлекеттен 7,2 млрд теңге арзан несие алып, ауқымды жаңғырту жұмысын жүргізген. Қарыз жылдық 2,5 пайызбен, 12 жылға берілген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оның ішінде алғашқы екі жылға жеңілдік кезеңі қарастырылған. Бұл қаржы «Айс» сүт-тауар фермасын кеңейту және жаңғыртуға жұмсалады.

«Кәсіпорынға «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды несиелендіру» бағдарламасы аясында «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 7,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру берілді. Несие жылдық 2,5 пайызбен 12 жыл мерзімге ұсынылған. Оның ішінде алғашқы екі жылға жеңілдік кезеңі қарастырылған», – делінген Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарламасында.

Бөлінген қаражат өндірістік нысандарды салу мен жаңғырту, заманауи жабдықтар сатып алу және асылтұқымды мал басын көбейтуге жұмсалды. Шаруашылық 495 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алған.

«Айс» кәсіпорны 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Компания «Айс плюс» серіктестігіне тиесілі. Қазір компанияның екі құрылтайшысы бар: Итеғұлова Салтанат пен Итеғұл Мұрат. Бұған дейін құрылтайшылар қатарында болған «Айс» ЖШС-ның құрылтайшылар қатарына Итеғұловтар әулетінен бірқатары енген.

Бұған дейін экс-депутаттың компаниясы Даниядан 330 асыл тұқымды сиыр әкелгені хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз