Миллионер Махмұдовтардың компаниясы брокерлік қызмет жасауға рұқсат алды

Жарияланды 2 Қараша 2026 14:58

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «Orbis Fortis» акционерлік қоғамына бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге лицензия берді. Бұл – ағайынды Сухраб және Фаррух Махмұдовтар құрған брокерлік компания. Лицензия 30 қазанда ресми түрде табысталды.

«Orbis Fortis» компаниясының құрылғаны туралы былтыр белгілі болған. Ұйым 2025 жылдың қараша айында құрылған.

Компанияның негізгі қызметі – бағалы қағаздар және тауарлармен мәмілелер жасау. Құжат бойынша «Orbis Fortis» АҚ-ның жалғыз акционері – «Orbis Finance» ЖШС.

«Orbis Kazakhstan» — Фаррух мен Сухраб Махмұдовтардың басты бизнесі. Фаррух Махмудовтың дәулеті 310 миллион АҚШ долларына бағаланады және ол Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің қатарына кіреді.

 Бұған дейін «Orbis Heavy Machinery» компаниясына 1,3 млрд теңге тұратын жобасы тоқтап қала жаздаған.

Сондай-ақ оқыңыз