
2026 жылғы қазанда ITS халықаралық сауда алаңында бағалы қағаздармен жасалған сауда көлемі 4,025 млрд долларды құрады, деп жазады Kursiv.Media.
Қазан айында инвесторлар арасында технологиялық компаниялардың акциялары мен жартылай өткізгіштер секторына бағытталған биржалық қорларға сұраныс жоғары болған. Әсіресе микросхема өндірушілер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытып жатқан компаниялардың бағалы қағаздарына қызығушылық артқан.
Сауда-саттықта Direxion Daily Semiconductor Bull 3X Shares, Nebius Group, Micron Technology, Freedom Holding және Intel акциялары белсенді айналымға түскен.
2026 жылғы қаңтар-қазан айларында ITS алаңындағы сауданың жиынтық көлемі 26 млрд доллардан асты. Сауда-саттыққа қатыса алатын инвесторлардың саны 1,2 млн адамнан асады. Алаңда жеті елдің Қазақстан, Армения, Болгария, Кипр, Қырғызстан, Оман және ОАР-дың 29 қатысушысы жұмыс істейді.
Қазан айында ITS алаңында бірнеше маңызды өзгеріс болды. Атап айтқанда, болгариялық DeltaStock брокерінің клиенттері ITS инфрақұрылымы арқылы акциялармен сауда жасауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар қазақстандық Central Asian Capital Ltd. алаңның 26-шы қатысушысы атанды.
ITS Shariah биржалық қорының бағасы 6 қазанда тарихи максимумын жаңартып, 15,5237 долларға жетті. Жыл басынан бері қордың табыстылығы 20 пайыздан асқан.
31 қазаннан бастап ITS Қазақстанда алғаш рет бағалы қағаздармен демалыс күндері де сауда жасауды іске қосты. Енді инвесторлар сенбі және жексенбі күндері мәміле жасай алады.