Қазақ аруы-2026: тікелей эфирде қайдан көруге болады

Жарияланды 3 Қараша 2026 19:19

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Қазақ аруы-2026: тікелей эфирде қайдан көруге болады / Фото: BM Production

3 қарашада Алматыдағы Республика сарайында BM PRODUCTION продюсерлік орталығы ұйымдастырған Қазақ аруы-2026 байқауы өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Байқауды тікелей эфирде орталықтың Youtube арнасынан көруге болады.

Биыл байқауға елдің әр өңірінен жалпы саны 22 бойжеткен қатысады. Бүгін олардың бірі тікелей дауыс беру нәтижесінде «Қазақ аруы» тәжін киеді.

Айта кетейік, байқауды ұйымдастырушы компания продюсер Баян Алагөзоваға тиесілі. Ол бұл байқауды 2011 жылдан бері ұйымдастырып келеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы «Қазақ аруы» байқауын талдықорғандық Дәрия Қуатжан жеңген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз