Трамп әулетімен байланысы бар вольфрам компаниясы биржадан 2 млрд доллар тартпақ

Жарияланды 3 Қараша 2026 11:07

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: kursiv.media архиві

Қарағанды облысындағы «Солтүстік Қатпар» және «Жоғары Қайрақты» вольфрам кен орындарын игеріп жатқан Cove Kaz Capital Group компаниясы АҚШ қор нарығына шықпақ. Серіктестік Skyline Builders Group компаниясымен басталған бірігу келісімінен бас тартып, 2027 жылы АҚШ-тың ірі биржасының бірінде тікелей листинг (IPO) өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, Kaz Resources компаниясына АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұлдары – Дональд пен Эрик инвестор ретінде қатысады.

Компания негізін қалаушы, кәсіпкері Пини Альтхаустың айтуынша, Трамптар тек жеке инвесторлар және олардың компанияның күнделікті басқаруына немесе шешімдеріне ешқандай қатысы жоқ. Олардың ортақ үлесі 1 пайыздан аспайды (компания бағасы 2 млрд долларға жеткенде бұл үлес 20 млн долларды құрайды).

Аmerican Ventures компаниясы Cove Kaz-дың 4 миллион акциясын 32 миллион долларға сатып алуға міндеттеме алды. Осы мәміле аясында компанияның жалпы құны 1,97 миллиард долларға бағаланды. Бұл бұрынғы бағадан 76 пайызға жоғары.

Кен орнында қанша қор бар

Cove Kaz компаниясы «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясымен бірлесе «Солтүстік Катпар» ЖШС-нің 70 пайыз үлесіне иелік етеді, ал 30 пайызы мемлекетте қалды.

Мұндағы вольфрам қоры әлемдегі ең ірі өңделмеген ресурстардың бірі саналады. Кен орны 50 жыл пайдалануы мүмкін. Толыққанды өндірісті 2030 жылы бастау жоспарланған. Жоба әлемдік вольфрам өндірісінің 15 пайызын қамтамасыз ете алады.

Вольфрам қорғаныс өнеркәсібі, авиация, электроника және жартылай өткізгіштер өндірісінде кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта осы металды өндіруде Қытай көш бастап тұр.

Қанша қаржы керек

Жобаны дамыту үшін АҚШ-тың мемлекеттік қаржы институттарынан қолдау күтілуде. Атап айтқанда, EXIM Bank 900 млн долларға дейін, ал DFC агенттігі 700 млн долларға дейін (жиынтығы 1,6 млрд долларға дейін) қарыз бермек.

«Самұрық-Қазына қоры «Солтүстік Қатпар» вольфрам кәсіпорнындағы 70 пайыздық үлесін Трамтың ұлдарына 114 млн долларға сатқан.  Бұған дейін АҚШ сенаторы Трамп әулетімен байланысы бар Қазақстандағы жобаны тексеруді талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз