
2026 жылдың 9 айында Вьетнамның Vietjet әуе компаниясының кірісі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға өсіп, 2,88 млрд долларды құрады. Салық төлегеннен кейінгі таза пайда 66,7 млн долларға жеткен.
Әуе компаниясының 9 айдағы оң қаржы нәтижесі жолаушылар мен жүк тасымалы, қосымша қызметтердың өсуімен байланысты. Тек үшінші тоқсанда шоғырландырылған кіріс 35%-ға артып, 886 млн долларға, ал таза пайда 13,5 млн долларға жетті.
2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша әуе компаниясының активі 9 млрд долларды құраған.
Осы кезеңде Vietjet 111 700-ден астам рейс орындап, 20,7 млн жолаушы тасымалдаған.
Компанияның рейс бағыттары 223 маршрутқа дейін кеңейді. Оның ішінде 176 халықаралық және 47 ішкі бағыт бар.
Vietjet Вьетнам мен Қазақстанды Азия, Еуропа және Австралиядағы негізгі бағыттармен байланыстыра отырып, халықаралық маршрут желісін нығайтуды жалғастырып отыр.
«Әуе компания Ханой – Коломбо (Шри-Ланка), Коломбо арқылы Ханой – Мальдив аралдары, сондай-ақ Дананг – Джакарта (Индонезия) бағыттары бойынша үш жаңа халықаралық маршрутқа билеттер сатылымын ашты. Бұл Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
2026 жылғы қазаннан Алматыдан Ханойға Airbus A330 ұшақтары аптасына екі рет ұшады. Алматыдан Чехияның Праға қаласына да рейстер іске қосылды.
Vietjet Қазақстанға қалай келді
Vietjet Air лоукостері вьетнамдық SOVICO Group холдингінің құрамына кіреді. Бұл холдинг 2024 жылы «Самұрық -Қазына» қорынан қарызға батқан Qazaq Air компаниясын сатып алды.
Qazaq Air компаниясы сол кезде 2 млрд теңгеге бағаланды. SOVICO Group әуе компаниясының 38 млрд теңге қарызып өтеп, алдағы 5 жылда бірнеше әуе кемесін сатып алуға келіскен. Кейіннен әуе компаниясының атауы VietJet Kazakhstan деп өзгертелді.
Қызылорданың әуежайын да SOVICO Group компаниясының басқаруына беру мәселесі қаралғанымен, инвестор ұсынысы мемлекетке тиімсіз болғандықтан, облыс әкімдігі бас тартқан.
SOVICO Group – Вьетнамдағы ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. Компания энергетика, құрылыс, банк және қаржы, авиация салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырады.