Дариға Бадықованың анасы Олжас Абайға төс тартты

Жарияланды 4 Қараша 2026 10:38

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: music.yandex.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың анасы Олжас Абайды үйіне шақырып, күйеу баласына төс тартты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бейнежазбада жас жұбайлардың анасының шаңырағында қауқылдасқан, шат-шадымен бақытты сәттері көрсетілген.

«Қазақта күйеу балаға «төс ұсыну»деген әдемі дәстүр бар. Бұл – ананың күйеу баласына деген құрметі мен сыйластығының белгісі. Сондықтан салт-дәстүрден аттамай, бүгін анамыз Олжасқа төс ұсынды», – делінген жазбада.

Сонымен қатар видеода Олжас Абай мен Дариға Бадықовадан бөлек, балпанақтай сәби де көрінеді. Нақтырақ айтқанда, Дариға Бадықованың оның құшақтап отырғаны және сәбидің арбада жатқан сәттері көрсетілген.

Айта кететін жайт, үйлену тойынан кейін Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айын Қатарда өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз