
5 қарашада әлемдік қор нарығында технологиялық компаниялардың акциялары жаппай арзандады. АҚШ-та S&P 500 индексі 4,36% төмендеп, 7 353,73 тармаққа, Nasdaq Composite 5,52% құлдырап, 24 315 тармаққа түсті. Бұл Nasdaq үшін соңғы 19 айдағы ең ірі біркүндік төмендеу болды. Инвесторлар жасанды интеллект саласындағы инвестициялардың қайтарымына және дата-орталықтарға қатысты реттеудің күшеюіне алаңдады.
НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ
Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы
Қор нарығы
KASE акциялары · 5 қараша
БЕЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ
Экономика, қаржы және бизнесШетелдік инвестицияның таза ағыны 49%-ға азайды
Бірінші жартыжылдықта Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестицияның таза ағыны 470,6 млн долларды құрады.
ОҚЫҢЫЗҰлттық банк 204,6 млрд доллар активті басқарады
Қазан соңында Ұлттық қор, алтын-валюта резервтері, зейнетақы және басқа қорлардағы активтердің жалпы көлемі 204,6 млрд долларға жетті.
ОҚЫҢЫЗКим мен Baring Funds-тың Kaspi.kz-тегі үлесі азайды
Үш айда Вячеслав Кимнің үлесі 19,10%-дан 18,34%-ға, Baring Funds қорларының үлесі 18,10%-дан 17,36%-ға төмендеді.
ОҚЫҢЫЗЖыл соңына дейін қандай компаниялар IPO өткізуі мүмкін
Қазақстан темір жолы мен халықаралық технологиялық компаниялардың ықтимал орналастырулары инвесторлардың назарында тұр.
ОҚЫҢЫЗБанктер теңгелік депозитке 19%-ға дейін сыйақы ұсынады
Қарашаның басында кейбір банктердегі теңгелік салымдардың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,02%-ға дейін жетті.
ОҚЫҢЫЗҚазақстанда акцияларды қарызға беру жүйесі енгізілуі мүмкін
Қаржы нарығын реттеуші бағалы қағаздарды қарызға берудің орталықтандырылған тетігін енгізуді ұсынды.
ОҚЫҢЫЗAlatau City жобасы бойынша Германияда 11 келісім жасалды
Берлинде өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс, медицина және инфрақұрылым бағыттарында 11 келісімге қол қойылды.
ОҚЫҢЫЗТұрғын үйді табиғи апаттан міндетті сақтандыру енгізілмек
Жаңа заң жобасы бойынша 2030 жылға қарай тұрғын үйлерді өрт, су тасқыны және жер сілкінісінен сақтандыру міндеттелуі мүмкін.
ОҚЫҢЫЗ2027 жылы автосақтандыру тәртібі өзгеруі мүмкін
Жаңа заң жобасында жол-көлік оқиғасынан кейін ақшалай өтемақы алудың орнына көлікті жөндету мүмкіндігі қарастырылған.
ОҚЫҢЫЗҚазақстандық өндірушілер Қытайда $100 млн келісім жасады
Шанхайдағы халықаралық импорт көрмесінде отандық компаниялар шамамен 100 млн долларлық келісімдерге қол жеткізді.
ОҚЫҢЫЗҚазақстан нарығында да акциялар арзандады. Қазақстан қор биржасы индексі 0,76% төмендеп, 7 856,23 тармақпен жабылды. Ең үлкен шығын Қазатомөнеркәсіп (KZAP) акциясында тіркелді — −4,4%. Air Astana (AIRA) 1,5%, ҚазТрансОйл (KZTO) 0,9% арзандады. Ал Kaspi.kz (KSPI) 1% қымбаттады.