
Қазақстандық «Бажа кинода» және «Заманback 2» фильмдері кинотеатрларда жоғары кассалық көрсеткішке қол жеткізді. Екі комедияның жалпы табысы 2 млрд теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Kursiv Media.
Freedom Ticketon мәліметінше, 5–8 қараша аралығында «Бажа кинода» фильмі 401,6 млн теңге жинап, екінші апта қатарынан қазақстандық прокат көшін бастады. Ал «Заманback 2» комедиясы 241,4 млн теңге табыспен екінші орынға жайғасты.
«Бажа кинода» фильмі алғашқы демалыс күндері, яғни 29 қазан мен 1 қараша аралығында 518,9 млн теңге жинаған еді. Осылайша, екі демалыс кезеңіндегі жалпы кассалық түсімі 920,6 млн теңгеге жетті. Ал «Заманback 2» комедиясы үш аптада 1 млрд 76,6 млн теңге жинады.
Қазақстандық фильмдер шетелдік туындыларды басып озды
5–8 қараша аралығындағы кинопрокат рейтингінде алғашқы үш орынды отандық фильмдер иеленді. Үшінші орынға алғашқы демалыс кезеңінде 194,3 млн теңге жинаған «Бауыр» фильмі орналасты.
Ал шетелдік «Кот в шляпе» анимациялық фильмі 66,8 млн теңге табыспен төртінші орынға тұрақтады. «Сумерки. Сага. Затмение» фильмі 29,5 млн теңге жинап, үздік бестікті түйіндеді.
Оқи отырыңыз: «Айтматов»: қазақ пен қырғызға ортақ қасіретті баяндайтын фильм