
Танымал блогер, әрі модель Бота Миа (Ақбота Нұрахын) Miss Qazaqstan сұлулық байқауына қатысады. Ұйымдастырушылар оның есімін финалға аз уақыт қалғанда жариялады, деп хабарлайды Kursiv Media.
Miss Qazaqstan байқауының ұйымдастырушылары әлеуметтік желідегі парақшасында қатысушылардың бірі туралы ақпаратты осы уақытқа дейін құпия сақтап келгенін мәлімдеді.
«Біз барлық картаны аштық деп ойладыңыздар ма? Командамыз бір тосынсыйды финалға дейін құпия сақтады. Енді картаны ашатын уақыт келді. Екінші джокер – Ақбота Нұрахын», – делінген ұйымдастырушылардың Instagram парақшасындағы жазбада.
Осылайша, әлеуметтік желіде Бота Миа есімімен танылған блогер сұлулық байқауына қатысатыны белгілі болды.
Бота Миа кім?
Ақбота Нұрахын 27 жаста. Блогер, актриса, модель, хореограф және ірі брендтердің амбассадоры. Ұйымдастырушылар жариялаған мәліметке сәйкес, оның бойы – 170 сантиметр, дене өлшемдері – 80-60-100.
Мамандығы бойынша педагог-хореограф. Сегіз жыл бойы балаларға би үйретіп, жеке би студиясын басқарған. Қазір блогер әлеуметтік желілерде өмір салты, сұлулық және сән тақырыптарында контент жариялайды. Сонымен қатар әйелдерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер түсіреді.
Бота Мианың байқауға қатысатыны туралы хабарлама әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ұйымдастырушылардың оны «екінші джокер» ретінде таныстыруы да көпшіліктің назарын аударды.
Айта кетейік, Miss Qazaqstan – Қазақстандағы ұлттық сұлулық байқауы. Байқау қатысушылары сұлулығымен қатар, өздерінің қабілеті мен қоғамдық белсенділігін де таныстырады.
Оқи отырыңыз: Бота Миа Еркебұлан Тоқтарды болашақ күйеуі ретінде көре алатынын айтты