Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда фильм түсіруі мүмкін

Жарияланды 16 Қараша 2026 16:17

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Жан-Клод Ван Дамм / menslife.com

Голливудтың әйгілі актері Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанға фильм түсіріліміне келуі мүмкін. Бұл туралы Dala Edge Creative Tech Park компаниясының басшысы Мақсат Кикимов мәдениет министрімен кездесу барысында айтты.

Мақсат Кикимовтің айтуынша, қазір әлемге танымал актерді фильм түсіріліміне шақыру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

«Фильм түсіріліміне бізге Жан-Клод Ван Дамм келуі мүмкін. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді ол.

Әзірге актердің Қазақстанға сапары нақты бекітілмеген. Сондай-ақ оның қандай фильмге қатысуы мүмкін екені және түсірілімнің қашан өтетіні туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Жан-Клод Ван Дамм – бельгиялық актер, жекпе-жек өнерінің шебері. Ол «Қанды спорт» (Bloodsport), «Кикбоксшы» (Kickboxer), «Әмбебап сарбаз» (Universal Soldier) және «Қос соққы» (Double Impact) фильмдері арқылы әлемге танылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемге әйгілі актер Джеки Чан «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмін Бозжыра мен Каспий теңізі жағалауында түсірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз