«Жарыма ақ көйлек кигізе алмай отырмын»: Тұрсынбек Қабатов ренішін айтты

Жарияланды 16 Қараша 2026 14:58

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов сахнада ер адамдардың екінші рет үйленуіне қатысты әзіл айтып, көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желіде әзілкештің сахнадағы өнерінен үзінді тарады.

Қабатов ерлер мен әйелдердің екінші рет отбасын құруына қоғамның көзқарасы әртүрлі екенін әзілге айналдырған.

«Әйелдер екінші рет тұрмыс құрса, бәрі қолдайды. Ал мен жарыма ақ көйлек кигізе алмай отырмын», – деген әзілкеш.

Өнер иесінің бұл сөзі сахнадағы әзілінің бір бөлігі ретінде айтылған.

Оқи отырыңыз: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі TADDS брендімен жеке тігін өндірісін ашты

Сондай-ақ оқыңыз