
Әлемдегі ең көп күтілген видеойындардың бірі Grand Theft Auto VI (GTA 6) 18 қарашадан бастап кейбір елдерде қолжетімді болады. Ойынды алғашқылардың бірі болып Жаңа Зеландия тұрғындары ойнай алады.
Rockstar Games компаниясы GTA 6 ойыны әр өңірде жергілікті уақыт бойынша 19 қарашаға қараған түні сағат 00:00-де қолжетімді болатынын растады.
Жаңа Зеландиядан кейін ойын Аустралия, Жапония және Азияның басқа елдерінде, одан соң Еуропа мен Америкада жарық көреді. Қазақстандық ойыншылар GTA 6 ойынын 19 қарашаға қараған түні іске қоса алады.
GTA 6 туралы не белгілі?
Grand Theft Auto сериясының жаңа бөлімі 13 жылдық үзілістен кейін жарыққа шығады. Ойын оқиғасы Вайс-Сити қаласы мен ойдан шығарылған Леонида штатында өрбиді.
Ойынның басты кейіпкерлері – Джейсон Дюваль мен Люсия Каминос.
GTA 6 әзірге екі ойын консолінде қолжетімді болады: PlayStation 5, Xbox Series X және Series S. Ал дербес компьютерлерге (PC) арналған нұсқасының қашан жарық көретіні әзірге белгісіз.
Еске салайық, ойынның алдыңғы бөлімі – GTA V 2013 жылы жарық көрген болатын.