Таңғы дайджест: нарық пен экономикадағы басты жаңалықтар

Жарияланды 19 Қараша 2026 07:45

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Kursiv.Media өткен күннің нарықтағы басты өзгерістері мен экономикадағы маңызды жаңалықтарын бір жерге жинады. Теңге бағамы, мұнай, алтын, Bitcoin, KASE акциялары мен әлемдік индекстердің өзгерісін қысқаша шолып, кеше жарияланған негізгі материалдарды ұсынамыз.

Теңге әлсіреді, KASE индексі төмендеді

18 қарашада KASE-дегі доллардың орташа бағамы 444,16 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күннен 17 тиынға жоғары. Осылайша теңге АҚШ долларына қатысты қайта әлсіреді.

KASE индексі 0,33% төмендеп, 7 807,92 тармақпен жабылды. Ең көп арзандаған акциялар -Kaspi.kz (KSPI) −1,5%, Air Astana (AIRA) −1,1% және Қазатомөнеркәсіп (KZAP) −0,5%. Ал Банк ЦентрКредит (CCBN) акциясы 0,6% қымбаттады.

18 ҚАРАША 2026

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы

USD / KZT
444,16 ₸
▲ 0,17 ₸
АЛТЫН · ФЬЮЧЕРС
$3 727,80
▼ 3,53%
BRENT
$91,95
▼ 1,28%
BITCOIN · АЛДЫН АЛА
≈ $62 300
≈ −4,0%
KASE ИНДЕКСІ
7 807,92
▼ 0,33%
S&P 500
7 323,63
▼ 0,23%
NASDAQ COMPOSITE
24 429,88
▲ 0,42%

Қор нарығы · KASE акциялары

CCBN
Банк ЦентрКредит
5 513,00 ₸
+0,6%
KMGZ
ҚазМұнайГаз
36 052,52 ₸
+0,1%
KZTO
ҚазТрансОйл
1 372,95 ₸
+0,1%
KCEL
Kcell
3 190,00 ₸
0,0%
KZTK
Қазақтелеком
45 059,62 ₸
−0,2%
HSBK
Halyk Bank
370,20 ₸
−0,3%
KEGC
Кегок
1 473,00 ₸
−0,4%
KZAP
Қазатомөнеркәсіп
26 799,00 ₸
−0,5%
AIRA
Air Astana
682,22 ₸
−1,1%
KSPI
Kaspi.kz
40 289,01 ₸
−1,5%
18 ҚАРАША 2026

СӘРСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Kursiv Media қазақша · экономика, қаржы және бизнес

01
ШЕТЕЛДІК БИЗНЕС

Қазақстанда өзбек пен қытай бизнесі жаппай тіркеліп жатыр

Шетелдік компаниялар мен филиалдардың саны қаңтар соңынан қазан соңына дейін 64,4 мыңнан 74,4 мыңға жетті.

ОҚЫҢЫЗ ↗
02
ЭНЕРГЕТИКА

KEGOC-тың тоғыз айлық табысы былтырғы жылдық пайдасынан асты

Электр желілерін басқаратын компанияның жаңа қаржылық есебінде табысының өскені көрсетілді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
03
СЫРТҚЫ САУДА

Қазақстан сусындарының жартысынан көбін Қырғызстан сатып алды

Тоғыз айда Қазақстан шетелге 179,5 млн долларға сусын экспорттап, оның негізгі бөлігін көрші елдерге сатты.

ОҚЫҢЫЗ ↗
04
ИМПОРТ

Қазақстан шинаға 185,4 млн доллар жұмсады

Елге тоғыз айда 4,6 млн шина әкелінді, олардың шамамен төрттен үші Қытайда өндірілген.

ОҚЫҢЫЗ ↗
05
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА

ХВҚ Қазақстан экономикасына жаңа баға берді

Халықаралық валюта қоры биыл Қазақстан экономикасы 4,4% өсетінін болжап, инфляция тәуекеліне назар аударды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
06
БИЗНЕС

Жоғары салық пен қымбат несие бизнеске кедергі

Ұлттық банк сауалнамасында кәсіпорындардың 37,2%-ы салық жүктемесін басты қиындықтардың бірі деп атады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
07
САУДА

Қазақстан мен Мажарстан саудасы 177 млн долларға жетті

Екі ел арасындағы тауар айналымының жаңа көлемі жарияланып, экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
08
БАНК СЕКТОРЫ

ADCB депозитке кепілдік беру жүйесіне қосылды

Банк салымшыларын қорғау жүйесіне қатысты жаңа ақпарат жарияланып, депозит кепілдігінің шарттары түсіндірілді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
09
САЛЫҚ

Фрилансерлер мен курьерлердің салығын жеңілдету ұсынылды

Мәжіліс депутаты маусымдық жұмысшылар мен курьерлерге арналған салық тәртібін қайта қарауды сұрады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
10
ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Freedom SuperApp-та дәрігерге онлайн жазылу 70 есе артты

Қосымша арқылы дәрігерге жазылу көрсеткіші төрт айдың ішінде 70 есе көбейген.

ОҚЫҢЫЗ ↗

АҚШ қор нарығы: Nasdaq өсті, S&P 500 төмендеді

18 қараша, сәрсенбіде S&P 500 индексі 0,23% төмендеп, 7 323,63 тармақпен жабылды. Nasdaq Composite керісінше 0,42% өсіп, 24 429,88 тармаққа жетті.

Нарықта жасанды интеллект компанияларының болашағына қатысты белгісіздік сақталды. Nvidia қаржылық есебін жариялағаннан кейін оның акциялары бастапқы өсімін жоғалтып, 2,9% арзандады.

Криптонарық: Bitcoin 63 мың доллардан төмендеді

Bitcoin 18 қарашада шамамен 62,3 мың доллар деңгейіне дейін төмендеді. Бұл алдыңғы тәуліктің жабылуымен салыстырғанда шамамен 4% төмен, бірақ күннің соңғы бағасы әлі толық расталмаған. Криптонарықта тәуекелді активтерге сұраныс әлсіреді.

Алтын мен мұнай арзандады

Алтын фьючерсінің бір унциясы 3,53% арзандап, 3 727,80 долларға түсті. Қымбат металға АҚШ долларының нығаюы және пайыздық мөлшерлемелердің жоғары сақталуына қатысты күтулер қысым жасады.

Brent мұнайы 1,28% төмендеп, барреліне 91,95 доллар болды. Бұған АҚШ-та мұнай мен жанармай қорының күткеннен көп өсуі және әлемдік нарықта ұсыныс артуы мүмкін деген болжамдар әсер етті

Сондай-ақ оқыңыз