
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинге алғыс айтты.
Бұған дейін Шайдоровқа Ұлттық Олимпиада комитеті ордені табысталды.
«Геннадий Геннадьевич – мен құрметтейтін, спортта үлгі тұтатын адам. Сондықтан бұл марапатты дәл сол кісінің қолынан алу мен үшін құрмет әрі қуаныш. Қолдауларыңызға рақмет! Рахмет!», – деп жазды Шайдоров.
Айта кетейік, Шайдоровпен қатар Данияр Қасқарауов пен Қазақстан таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.