2013 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Qazaq radiosy-нда журналист болып бастаған.
Әр жылдары BNews.kz, BAQ.KZ, Sputnik Қазақстан, Tengrinews.kz, Inbusiness.kz, Massaget.kz, Halyq Uni ақпарат агенттіктерінде және тағы басқа сайттарда тілші, редактор болып жұмыс істеген.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Премьер-министр Олжас Бектеновтің Алғыс хаттарымен марапатталған. 2025 жылдан бері Kursiv Media қазақ редакциясы SMM бөлімінің жетекшісі.