Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 82 мыңнан астам қазақстандық салық есептілігінде 1 трлн теңгеден астам кірісін көрсетпеген. Кірістер комитеті 2023 жылғы деректерді талдау барысында 82,2 мың салық төлеушінің төлем карталары (POS-терминалдар) мен мобильді төлемдер (QR-төлемдер) арқылы түскен қаражатты өз салық есебінде көрсетпегені анықтаған. Жалпы сома 1 трлн теңгеден асады.…