3–5 сәуір күндері Өзбекстанның Самарқан қаласында Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы алғашқы саммит өтеді. Осыған байланысты Самарқанға кіретін жолдар уақытша жабылады. Бұл туралы Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаменті мәлімдеді. Жол қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында транзиттік көліктер үшін арнайы айналма жолдар ұйымдастырылған. Жүргізушілерге QR-коды бар парақшалар таратылып жатыр…