Қазақстандықтар мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін Денис Тенді еске алды. Әлеуметтік желіде қолданушылар Денис Теннің Қазақстандағы спортқа қосқан үлесі мен қазасы туралы жазып жатыр. Ал Алматы тұрғындары Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған. «Михаилдың жеңісі Денисті еске салды. Денистің ескерткіші алдында жаңа гүлдер пайда болғанын аңғардым. Өзі…