Петропавл қаласында татар ақыны Ғабдолла Тоқай ескерткіші ашылды. Ақын бюсті Мағжан Жұмабаев атындағы орталық маңына орнатылды. Татар ақынының ескерткішін ашу салтанатына Татарстан басшысы Рүстем Минниханов пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Ескерткіш Ғабдолла Тоқайдың туғанына 140 жыл толуына орай орнатылды. «Бүгін Қазақстанда жұмыс істеп жүрміз. Петропавлда татар әдебиетінің…