Қазақстандық танымал әнші, көпшіліктің сүйіктісіне айналған Жазира Байырбекова өміріндегі елеулі өзгерісті жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Өнер иесі бұдан былай ресми түрде мүлдем басқа текпен жүретінін мәлімдеді. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба қалдырып, көптен бері қалыптасқан «Байырбекова» тегінен бас тартқанын жеткізді. «Менің атам – Ыса! Менің аты-жөнім – Жазира…