9 қаңтарда таңертең Алматы тұрғындары актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды. «Рэкетир» фильмінің жұлдызы бір күн бұрын дүние салған. Танымал актермен қоштасу рәсімі Орталық мешіт алдында өтті. Азалы жиынға адам көп жиналды. Жаназа мешітте оқылды. Мұрат Бисембин 53 жасында дүние салды. Бұған дейін оның қатерлі ісік ауруына шалдыққаны мәлім…