«Әбіл» фильмі 14 қаңтардан бастап Франция кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Бұл туралы фильм режиссері Елзат Ескендір хабарлады. Режиссердің айтуынша, фильмді Францияда көрсету ісін Damned Films компаниясы қолға алған. Қазақстандағы Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы және фильмді насихаттау жұмыстарымен айналысқан Tanaris кинокомпаниясы арқылы келісім-шартқа отырған. Фильмнің ресми француз трейлері де жарияланды. Еске сала…