Егер азаматтарда екінші деңгейлі банктердің 5 картасы болса және олар «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелмеген биржаларға төлем жасайтын болса, онда мұндай карталар арқылы жүргізілген операциялар тексеріледі. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылған құжатта жазылған.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді АХҚО-да тіркелмеген цифрлық биржаларға төлем жасаудан және ақша аударудан автоматты түрде бас тартуға міндеттемек.
Агенттік осылайша есірткі мен цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында банк өнімдерін пайдалану тәуекелдерін азайтуды көздеп отыр. Банктер:
есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және транзитімен; «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын, тізбесін «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет...