Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты. Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің егіс алқабында түскен суреттерін жариялады. Бұл суреттер әлеуметтік желі қолданушыларының назарын бірден аударды.
Ал облыс басшысы Құмар Ақсақалов Президентке биыл өңірдегі 5 миллион гектар алқапқа егін егілгенін баяндаған. Ақпаратқа сәйкес, облыстағы сала мамандары элиталық тұқымның үлесі мен минералды тыңайтқыштарды себу көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.
Әлеуметтік желі қолданушылары Тоқаевтың Қостанай облысы Майкөл ауылдық округіндегі «Надеждинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астық алқабында түсірілген фотосуреттердің сапасы мен сәтті ракурстарына да таңданыс білдірген.
Бұл сапарда Тоқаев өңірдің егіс алқабында болып, аралап, ауыл шаруашылығы мамандарымен әңгімелесті. Мемлекет басшысы...