2024 жылы экономика саласындағы Альфред Нобель сыйлығының иегерлері болып Дэрон Аджемоғлу, Саймон Джонсон және Джеймс Робинсон атанды. Оларға бұл мәртебелі марапат саяси институттарының қалыптасуы және олардың халықтың әл-ауқатына әсерін зерттегені үшін берілді.
Швеция банкі бекіткен бұл сыйлықтың ресми хабарламасында лауреаттардың зерттеулері қоғамдық институттардың елдің өркендеу маңыздылығын көрсеткені атап өтілді.
Әділ заң мен жақсы басқару жүйесі жоқ, халықты қанауға негізделген институттары бар қоғамдар экономикалық өсуді қамтамасыз ете алмайды және өзгерістерге қол жеткізе алмайды. Бұл зерттеулер осындай жағдайлардың неге туындайтынын түсінуге көмектеседі.
Айта кету керек, Аджемоғлу мен Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» атты кітабы қазіргі саяси экономиканың е...