Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қорға түсіп жатқан қаражаттан, алынып жатқан қаражат көлемі артып кеткенін айтты. Бұл жайлы банк өкілі Үкімет сағатындағы баяндамасында мәлімдеді.
Банк басшылығы қор қаражатының инвестициялық табыс есебінен өсіп жатқанын айтады.
«Ұлттық қордың түсімдері мен алымдарының балансы теріс қалыптасып келеді. Яғни алымдар түсімдерден асып жатыр. Бұл жағдайда қор қаражатының өсімін қолдап тұрған жалғыз фактор – инвестициялық табыс», – деді Сүлейменов.
Инвестициялық табыс 9 айда 10,27%-ды құрап, 6,16 млрд долларды құраған. Ал Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ға артып, 62,7 млрд доллар болған.
Банк төрағасы бұлайша Ұлтты...