2024 жылы ел экономикасы бір қалыппен өсіп келеді, алайда бюджетке түсетін корпоративтік табыс салығы (КТС) мен қосымша құн салығының (ҚҚС) көрсеткіштері қысқарып барады. Ал республикалық бюджеттің жобасына ден қойсаңыз, Үкімет салық төлемдерін келесі жылы да арттыруды көздеп отырғанын жазбай танисыз.
ҚР қаржы министрлігі 2025 жылға жоспарланған республикалық бюджеттің жобасын жария етті. Жоба әлі бекітілген жоқ, дегенмен қазірдің өзінде аталған құжатқа қатысты бірқатар сұрақтар туындап отыр.
Бюджеттің орындалуын бағалауға қатысты ресми мәліметтерге жүгінсек, биылғы жылдың қорытындысы бойынша КТС және ҚҚС бойынша түсімдердің көлемі былтырғыдан да (биылғы бюджет дағдарысының бірінші жылы) төмен болуы ықтимал. Ал республикалық бюджетке түсетін салық ауқымының негізгі бөлігін...