Жапондық автоөндіруші Toyota «Формула-1» автожарыстарына қатысатын Haas F1 Team командасымен серіктес болды.
20 қазанда Техаста өтетін АҚШ Гран Приі қарсаңында Toyota «Формула-1» жарысына қайта оралатынын мәлімдеді.
Компанияның мәліметінше екі тарап келісімнің егжей-тегжейін әлі жариялаған жоқ. Дегенмен, бұл келісімде көліктерге мотор қозғалтқыштарын жеткізу туралы әңгіме қозғалмайды, өйткені биыл шілдеде Haas F1 Team Ferrari компаниясымен келісімшартты 2028 жылдың соңына дейін ұзартқан болатын.
Соған қарамастан, Haas F1 Team-пен серіктестік Toyota-ның Формула-1-ге толық оралуына қадам жасауы мүмкін екенін көрсетеді. 2026 жылдан бастап Формула-1 жарысында техникалық регламент өзгереді, бұл Audi мен Ford сияқты компанияларды осы жарысқа тартып отыр. Оларға қоса жарыстарда Ferrari...