Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары және жақында ғана сенатор болған Марат Қожаев Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірді. Сенатор 16 жастағы баланы өлтірді деп күдікке ілінгендердің соты қоғам назарында болуын және ашық өту керек екенін айтады.
Марат Қожаев өзінің ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істегенін еске салып, мұндай жағдайлар дамыған елдер де орын алып жататыны атап өтті. Айтуынша, бұл кешенді мәселе.
«Қазір бұл істі Ішкі істер министрі мен прокуратура бақылауына алды. Менің ойымша, іс заң аясында және объективті түрде тергеледі. Қоғамның талабы ашық соттар болсын дейді. Кейбіреулерге ол керек пе, керек жо...