Қорғаныс министрлігі әскердегі қауіпсіздікті жасанды интеллект арқылы бақылап отырмақ. Нақтырақ айтқанда, ақпараттық жүйе жаңартылып, ақылды бейнекамералар орнатылады. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев бұл әскердегі түрлі келеңсіз оқиғаларды азайтуға айтарлықтай септігін тигізетінін айтады.
Ахмадиевтің сөзінше, бүгінде әскери бөлімдердің бәрінде онсыз да камера бар. Алайда олардың ақпараттық жүйесі әлсіз. Сол себепті жасанды интеллект арқылы бейне-аналитика жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ол әскердегі жанжал, бірнеше адамның топтасып жиналуы, жауапты адамдардың өз орнын тастап кетуі, қару-жарақты сақтау камерасына рұқсатсыз кіру сияқты фактілерге бірден сигнал береді.
«Біз қазір ақпараттық жүйені енгізу жұмысын жүргізудеміз. Ақылды бейнекамара орнатуды қарастырып жатырмыз, бұл камераларда жасанды интеллект элементтер...