Алматы облысының Талғар қаласында тұрғындар 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат қайтыс болған дүкеннің алдына гүл шоқтарын қоюда. Kursiv.Media тілшісі қайғылы оқиға орын алған қалаға барды.
Марқұмның отбасы жалға алып отырған «Қамажай» дүкені қазір жабық тұр. 4 қазан күні осы жерде 16 жастағы бала Шерзат Болат қайтыс болған. Дүкеннің алдына қойылған үстелге Шерзаттың фотосы қойылған. Жергілікті тұрғындар гүл шоқтарын қойып кеткен.
7 қазан күні Шерзат Болаттың туыстары Талғар ауданы әкімдігіне...